Өңірлер

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжам жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинДожди обрушились на город
Дожди обрушились на город - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазан айының басында елдің басым бөлігінде ауа райы жылы болады деп күтіліп отыр. Кей өңірлерде 28 градусқа дейін ыстық

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Күздің екінші айының басында елдің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.

Ірі қалалардағы ауа райы

8 қазан күні астанада жауын-шашынсыз. Түнде - 6-8 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады. Алматыда желдің екпіні – 0-5 м/с. Түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы. Шымкентте жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 10-12 градус, күндіз 25-27 градус жылы.

Сәрсенбі күні астанада түнде 7-9 градус, ал күндіз  22-24 градус нөлден жоғары. Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде 11-13 , күндіз плюс 19-21. Шымкентте де күн жылы болады. Түнде 10-12 градус болса, күндіз 26-28 градус жылы.

10 қазан күні елордада жаңбыр жауады. Түнде 7-9 градус,  күндіз– 19-21 градус жылы  болады. Алматыда көшпелі бұлт болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауады. Тұман болады. Түнде 8-10 градус, күндіз 21-23 градус жылы. Шымкентте желдің екпіні – 5-10 м/с. Түнде 11-13, күндіз 27-28 градус жылы.

Бұған дейін синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Оған сәйкес, күздің екінші айында ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел болжануда.

Тағы оқыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

Қазгидрометтің ақпаратынша, қазан айында орташа температура Қазақстанның басым аумағында норма шамасында, ал Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Қызылорда облысының батысында нормадан 1°С жоғары болады.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің көптеген бөлігінде – норма шамасында және нормадан көп, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Қостанай мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде нормадан төмен болады деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0