13:40 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Нөсер, архивтегі сурет

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды – ертеңге ауа райы болжамы

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3222 0 0

Дүйсенбі күні бірқатар өңірде қатты жел соғып, жаңбыр жауады. Синоптиктер ертеңге арналған ауа райы болжамын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Қазгидромет дүйсенбі, 14 қазан күніне арналған ауа райы болжамымен бөлісті.

Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, жел, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіліп отыр. Кейбір өңірлерде тұман түседі.  

Дабылды ескерту

Дүйсенбі күні Қызылорда облысында найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

Қостанай облысында 14 қазанда тұман болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан да дабылды ескерту жарияланды. Желдің екпіні – 25 м/с.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз найзағай ойнайды.

Түркістан облысында да найзағай, 15-20 м/с жел соғады.

Күндіз Маңғыстау облысында жел секундына 22 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл болады.

Алматы, Атырау және түнде Батыс Қазақстан облысында тұман болады.

Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда өңірінің шығысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Дүйсенбі күні түнде және таңертең тұман болады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Аптаның алғашқы күнінде жауын болады деп күтіліп отыр. Түнде 6-8 градус, күндіз 13-15 градус жылы.

Алматыда күн ашық. Түнде 4, күндіз 20 градус жылы.

Шымкентте жауын-шашын күтіліп отыр. Түнде 9-10, күндіз 18-20 градус жылы.

Тақырып бойынша

28°C ыстық: синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео
Семейде төпелеп жауған ірі бұршақ тұрғындарды шошытты – видео
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Кілт сөздер:
өңірлер, ауа райы болжамы, дабылды ескерту
Загрузка...

Басты тақырып