01:20 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

Бұлай болмайды: Министр Нұрымбетов шетелдік жұмысшыларға қатысты ащы шындықты айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
398910

Министр қазақстандықтар мен шетелдік жұмысшылардың арасындағы еңбекақы айырмашылығын жоюды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Атырау облысындағы мұнай және газ өңдеу зауытына сапары кезінде қазақстандықтар мен шетелдік мамандардың жалақыларындағы айырмашылық туралы айтты.

Зауыт ұжымымен кездесуде Нұрымбетов өзі басқаратын ведомство бас прокуратурамен бірлесіп, 50-ден астам шетелдік жұмыс күшін тартқан елдегі кәсіпорындарға тексеріс жүргізгенін атап өтті, деп хабарлады ATPress.kz.

"Осы жылдың 8 қазанында 49 кәсіпорында тексеріс аяқталды, 791 еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде жалақы және сыйақы төлемдеріндегі сәйкессіздік те бар – 24 кәсіпорында 476 дерек. Мысалы, Атырау облысында "Нефтестройсервис ЛТД" ЖШС жергілікті инженерге бір сағаттық тарифтік мөлшерлемені 568 теңге, ал осыған ұқсас қызметтегі шетелдік жұмысшы үшін 6500 теңге етіп белгілеген. Мұндай тәжірибеге жол берілмейді", - деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, жұмыс берушілер Қазақстан азаматтары мен шетелдік жұмысшыларға бірдей еңбек жағдайын жасап, бірдей жалақы төлеуі керек.     

Қазақстанда белгіленген квоталарға сәйкес, 2425 компания шетелдік жұмысшыны тартып жатыр, оларда сондай-ақ 531 мың қазақстандық еңбек етеді.

Тағы оқыңыз: Шетелдіктермен жаппай төбелес. Қарағанды облысында болған жанжалдың видеосы 

Жыл басынан бері Атырау облысында 364 жұмыс беруші тоғыз мыңнан астам шетелдік азаматты жұмысқа шақырған. Оның ішінде 63 адам – ​​басшылар және олардың орынбасарлары.   

Тақырып бойынша

Президент Теңіздегі оқиға туралы: бәрімізге сабақ болды
"Бұған нүкте қою керек": министр Нұр-Сұлтандағы жұмысшылардың ереуілі туралы айтты
Теңіздегі тәртіпсіздік: қазақстандық жұмысшылардың қанша алатыны белгілі болды
Теңіздегі төбелес: Жақсылықов негізгі үш себепті атады
Жергілікті тұрғындардың шетелдіктерді неге соққыға жыққаны анықталды – видео
Кілт сөздер:
шетелдік инвесторлар, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып