03:11 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Архивтегі фото

Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары судың түсінен шошып отыр

© Sputnik / Максим Богодвид
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
59 0 0

Сумен жабдықтау ұйымының өкілдері бұл уақытша құбылыс екенін мәлімдеді. Олар тұрғындарға суды тазарғанша ағызып жіберуді ұсынды

ҚЫЗЫЛОРДА, 18 қазан – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғыны Айболат Жәдігер пәтеріндегі краннан лас су ағып жатқанын көрсету үшін Желіде видео жариялады.

Видеодан ас үйдегі краннан какао түсті судың ағып жатқанын көруге болады.

"Ауыз су, Сәулет шағын ауданы, бірінші үй, тоғызыншы пәтер", - деп нақтылады Айболат Жәдігер.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар құбыр суының ешкім күтпеген қаупін анықтады 

"Қызылорда су жүйесі" коммуналдық кәсіпорны роликке түсініктеме беріп, ескі сумен жабдықтау желілерінде су уақытша тоқтатылып жатқанын мәлімдеді.

"Ғимараттардың төртінші-бесінші қабаттарына су бармайды, бұл мәселені шешу үшін ескі қалалық сумен жабдықтау желілері ажыратылып жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде суда шөгінділер пайда болуы мүмкін. Суды жүзінділерден тазарту үшін оны алдымен ағызу қажет. Жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, су арнасының мамандары шағым түскен мекенжайларда тексеріс жүргізілетінін атап өтті.

Лас су туралы жазбаның астына басқа қалалықтар ондаған шағым қалдырған.

Тақырып бойынша

Тоқаев: таза ауыз су әрбір үйде болуы керек
Ақтөбе мен Атырау облыстары бес-алты жылда шөл далаға айналуы мүмкін
Бөтелкелеп су тасып жүр: Тоқаев үкіметке мәселені тез арада шешуді тапсырды
Халық саны 200-ден аспайтын ауылдар ауыз сумен қалай қамтылады?
Мамин халықты ауыз сумен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды
Кілт сөздер:
Қызылорда, видео, су
Загрузка...

Басты тақырып