Өңірлер

Күн жылынады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22-24 қазанға ауа райы болжамы шықты. Синоптиктер осы күндері республиканың басым бөлігінде күн ашық болатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.

"Қазақстан территориясына ығысқан антициклонның ықпалынан республиканың солтүстігінде ауа температурасы 8...13° градус аязға дейін төмендеді және жауын-шашын тоқтады", - деп хабарлады синоптиктер.

Алдағы үш күнде антициклонның әсері біртіндеп әлсірейді, осыған байланысты ауа температурасы жоғарылайды. Атмосфералық фронттардың ықпалынан республиканың тек қиыр солтүстігі мен батысында жауын-шашын түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

22 қазан астанада күн ашық болады. Түнде ауа температурасы -4, күндіз +4 градус. Алматыда күн ашық, түнде +2, күндіз +9 градус. Шымкентте күн жылы, түнде +8 градус болса, күндіз ауа температурасы +17 градусқа дейін көтеріледі.

23 қазанда елорада күн алабұлтты, кешке аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде -1, күндіз +4 градусқа дейін жоғарылайды. Алматыда күн ашық, түнде ауа температурасы +4, күндіз +14 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте түнде +7 градус, күндіз +17 градус.

24 қазанда Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, ауа температурасы түнде +4, күндіз +6 градус. Алматыда күн ашық, ауа температурасы түнде +7, күндіз +16 градус болады. Шымкентте күн жылы, түнде +7, күндіз +16 градус нөлден жоғары.

Жаңалықтар
0