Өңірлер

Қария мен немерелерін байлап тастаған: Түркістан облысындағы атышулы іс ашылды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлерге қылмысты ашуға екі жылдай уақыт кеткен. Бірнеше күдікті әлі күнге дейін бостандықта жүр

АЛМАТЫ, 22 қазан — Sputnik. Түркістан облысының криминалдық полиция қызметкерлері былтырғы жылы қаңтарда Арыс ауданы Монтайтас ауылында болған қарақшылық шабуылдың бетін ашты.

Сол кезде түнде полиция бөлімшесіне ер адам хабарласып, үйіне қарақшылық шабуыл жасалғанын айтты, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген құқық қорғаушылар қаруланған әрі бетперде киген төрт адамның үйге шабуыл жасағанын анықтаған. Қарақшылар үйдегілерді өлтіреміз деп қорқытып, оларды байлап тастайды. Жәбір көргендердің арасында егде жастағы әйел мен оның төрт немересі болған. Отбасының өмірі үшін қорыққан үй иесі ұрыларға ақша мен бағалы әшекей бұйымдарын ұстата салады. Қолды болған заттардың жалпы сомасы бес миллион теңгеден асты.

Полиция қылмыстық кодекстің 192-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастайды.

Дегенмен полицейлер күдіктілердің ізіне бірден түсе алмаған. Олардың кім екенін анықтауға бір жыл, тоғыз ай уақыт кетті.

Тағы оқыңыз: Алматы облысындағы Қытай кәсіпорнына қарақшылық шабуыл жасалды.

Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушілердің таныстары мен көршілерінен жауап алынған. Бірақ қылмыс түнде жасалғандықтан куәгерлер табылмады. Бұл жайт қылмысты ашу кезінде қиындық тудырды.

Ақыры, полицейлер қылмысты басқа өңірдің тұрғындары жасады деген тұжырымға келген. Құқық қорғаушылардың болжамы расталды. Шымкенттегі арнайы операция барысында тәртіп сақшылары күдіктілердің бірін қолға түсірген.

"Одан кейін екіншісін қамауға алдық. Екеуі де мегаполисте тұрады", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басшысы Құрманбек Сахов.

Қазір жедел қызметкерлер бұл шабуылдың қалған екі қатысушысын ұстау бойынша шаралар өткізіп жатыр.

Күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады әрі мүлкі тәркіленеді.

Жаңалықтар
0