11:41 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
ауа райы

Күн суытады: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2864 0 0

31 қазан - 2 қарашаға ауа райы болжамы шықты. Синоптиктер осы күндері республиканың басым бөлігінде күн суытатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.

"Кезекті циклон Ресейдің еуропалық бөлігінде белсенділігін арттыра бастады. Алдағы тәулікте ол Оралға қарай жылжиды, осыған байланысты суық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс өңірлерге ығысады", - деп хабарлайды синоптиктер.

Циклонның әрі қарай шығысқа ығысуына байланысты басқа өңірлерде де жаңбыр, қар жауады. Сондай-ақ жел соғып, кей жерлерде бұрқасын мен көктайғақ болады.

Осы күндері ауа температурасы климаттық нормадан 3…6°С, ал республиканың солтүстігінде 8…13°С жылы болып тұр. Бірақ алдағы күндері күн суытады. Қараша айының басында батыс өңірлерде ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 2…4°С төмен болады деп болжанып отыр.

Ірі қалалардағы ауа райы

31 қазан астанада күн ашық болады. Түнде ауа температурасы +4, күндіз +12 градус. Алматыда таңертең аздап жаңбыр жауады, түнде +14, күндіз +18 градус. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады, түнде +16 градус болса, күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі.

1 қарашада елорада таңертең күн алабұлтты, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10, күндіз +4 градусқа дейін төмендейді. Алматыда күн ашық, түнде ауа температурасы +11, күндіз +15 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте жаңбыр жауады, түнде +12 градус, күндіз +17 градус.

2 қарашада Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, ауа температурасы түнде -2, күндіз +1 градус. Алматыда күні бойы жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +11, күндіз +12 градус болады. Шымкентте күн ашық, түнде +8, күндіз +17 градус нөлден жоғары.

Тақырып бойынша

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, боран соғады
Нұр-Сұлтанға алғашқы қар түсті
Кілт сөздер:
ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып