03:25 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Шымкент, қала келбеті

Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды  

© Photo: официальный сайт акимата Шымкента
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
154 0 0

Жәбірленушінің "Мерседес" маркалы автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі – 800 мың теңге

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлап, оған басқа нөмір тағып айдап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсіреді. Ол түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған "Мерседес" маркалы автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 800 мың теңге болды. 

Тағы оқыңыз: Көлігін ұрлағалы жатқанын көрген жігіт тыр жалаңаш үйінен атып шықты  

Қылмысты ашу мақсатында Ордабасы полицейлері жедел іздестіру жұмыстарын бастады. Тәртіп сақшылары 3 күннен кейін күдіктіні Шымкент қаласында ұстады. 

"Жәбірленуші көшеде кетіп бара жатқан бірнеше көліктің арасынан мемлекеттік нөмірі өзгертілсе де, өз көлігін танып қалады. Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіден жауап алу барысында оның іздестіріліп жүрген күдікті екенін анықтайды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты", – деп жазылған хабарламада.

Күдікті полицейлерге берген жауабында көліктің кілтімен тұрғанын көріп, ауладан итеріп шығарып, айдап кеткенін мойындаған.

Жоғалған көлік айғақ зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. 

Тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге мал ұрлығын жасағаны анықталды. Күдіктілер жәбірленушінің қазыққа байланып тұрған бұзауын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 110 000 теңгені құраған. Күдіктінің айтуымен сыбайласы да ұсталды.

Тақырып бойынша

Алматыда удай мас ер адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Астанада ер адам эвакуатордың көмегімен көлік ұрлаған
Алматыда 15 жастағы жасөспірім 12 көлік ұрлаған
Бір аптада үш көлік ұрлаған баланың ата-анасы қомақты шығын төлейді
"Басыма тапанша тіреді": сот орындаушысының атыс-шабысқа толы өмірі – видео
Кілт сөздер:
ұрлық, көлік
Загрузка...

Басты тақырып