Өңірлер

Шымкенттегі атысқа қатысты тың дерек шықты

© Photo : pixabay/Jason Gillman Ружье
Ружье - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер Шымкенттегі дәмханада кімдердің атыс шығарғанын анықтады. Арасында бұған дейін сотталғандар да бар

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан — Sputnik. Шымкенттегі дәмханалардың бірінде болған атыс салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам зардап шекті. Төртеуі әлі ауруханада жатыр. Полиция қарулы шабуыл ұйымдастырған екі адамның кім екенін анықтады. Алайда олар әлі ұсталған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент Онлайн (@shymkent.online)

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетовтың айтуынша, атыс ұйымдастырғандардың арасында бұған дейін сотталғандар да бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Күдіктілер бар, кімнің оқ атқаны анықталды. Қазір бұған не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Арасында бұған дейін сотталғандар да бар. Бұл небәрі бір тәуліктің ішінде жүргізілген жұмыс нәтижесі. Қару тәркіленді ", - деді ол.

Полицейлер қылмысқа көлікте табылған қомақты ақшаның қандай қатысы бар екенін де анықтап жатыр. 

Теңге және доллармен сақталған қаражат дәмхана маңында тұрған көліктердің бірінен табылған болатын. 

Тағы оқыңыз: Бүтін бір отбасын атып, өртеп жіберді: Алматы облысында болған қылмыс

Зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуіне де оқ тиген.

"Төрт ер адам ауруханаға жеткізілді. Бәріне оқ тиген, жағдайы ауыр. Екі адамға ота жасалды. Ал екеуі хирургия және травматология бөліміне ауыстырылды. Бесінші адам дәрігерлер тексерген соң бірден үйіне жіберілді", - деді №1 Шымкент ауруханасының бөлім басшысы Өткіржан Молдаханов.

Полиция зардап шеккендер мен оқ атқан адамдардың бір-бірімен таныстығын анықтап жатыр. Тергеушілер қаруды сараптамаға жіберді. Қаскөйлер оны оқиға орнынан 300 метр жерде лақтырып кеткен. 

Іс екі бап бойынша тергеліп жатыр: адам өлтіру және заңсыз қару сақтау. 

Шымкенттегі атыс 

Оқиға 29 қазан күні сағат 17:30-да Арғынбеков көшесіндегі дәмханада болды. Куәгерлердің айтуынша, екі адам оқ атқан.

Облыстық прокуратура оқиға салдарынан бір адам көз жұмғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0