Өңірлер

Қазақстандықтар желіде алғашқы қарға қуанып жатыр - видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГеометрия природы
Геометрия природы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан маңындағы тас жолда түсірілген роликтерді растаған жоқ. Дегенмен таңертең елордада аздап қар жауды, бірақ ол тез еріп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанның бірнеше қаласында аздап қар жауды. Алғашқы қарды көргендер әлеуметтік желіде оның видеосымен бөлісіп жатыр.

Сенбі күні астанада қар ұшқындады, бірақ ол жылдам еріп кетті.

View this post on Instagram

Первый снег в Астане😁

A post shared by Nurmanov_ММА.BORZ (@nurmanov_mma.borz) on


Қыстың таяп қалғанын Маңғыстау облысының Шетпе ауылы мен Атырау қаласының тұрғындары сезді.

Нұр-Сұлтан бағытындағы Ақкөл қаласының тас жолында қар жауды. Оны да тұрғындар видеоға түсіріп алыпты.

"Қыс келді, алда келе жатқан көліктер көрінбейді. Қар мол жауып қалыпты", - дейді видео авторы.

Дегенмен төтенше жағдайлар комитеті бұл кадрлардың шынайылығын растаған жоқ.

Синоптиктер қараша айында күн суытады деп отыр. Бірінші онкүндікте еліміздің батысында, айдың ортасында солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы мен шығысында түнде минус 5-10, кей жерлерде минус 13 градус болады. Күндіз 0-5 суық, кей аумақтарда плюс 5 градус температура орнайды. Оңтүстікте түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Ал Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні 2 градус жылы, ал түнде 6 градус аяз болуы ықтимал.

Жаңалықтар
0