21:27 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Әйнектің шытынауы, архив фото

Студенттің аяғы жұлынып кеткен: полиция жол апатына қатысты түсініктеме берді

CC0 / Kira Hoffmann
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2224 0 0

Полиция департаментінің басшысы 17 жастағы бозбаланы қаққан көлік жүргізушісі тергеу абақтысында отыр дейді

АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев "17 жастағы бозбаланы қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр" деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ак Жайық" басылымы.

Үмбетқалиевтің айтуынша, мамандандырылған тергеу сотының қаулысына сай, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, тергеу абақтысына қамалған.

Тағы оқыңыз: Атырауда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: 27 жастағы жүкті әйел көз жұмды

Оның мәліметінше, қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаментінің басшысы азаматтарды әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпауға шақырды және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

Атыраудағы жантүршігерлік апат

Еске салсақ, қайғылы оқиға 21 қыркүйекте болды. Жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан, сол сәтте жүйткіп келе жатқан көлік бозбаланы қағып өлтірген.

Куәгерлердің дерегінше, қатты соққыдан жігіт ондаған метрге ұшып кеткен, аяғы да жұлынған.

Жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші бес жылға дейін сотталып, сонша жылға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алатындар үшін жаңа талап енгізіледі
Қызылорда тұрғыны баласын құтқарамын деп ажал құшты – видео
Алматыда жаппай апат кезінде науқасты әкеле жатқан "жедел жәрдем" аударылды – фото
"Екі есе қымбаттайды": көлікті қысқа дайындау бағасы қандай?
Кілт сөздер:
студент, полиция, жол апаты
Загрузка...

Басты тақырып