16:27 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Алматы тұрғындары

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды: ертеңге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Тимур Батыршин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
617401

Синоптиктер елдің басым бөлігінде жауын-шашын болатынын айтты. Оңтүстікте жаңбыр қарға ұласады деп күтіліп отыр

АЛМАТЫ, 3 қараша — Sputnik. Оңтүстік Каспий циклонының әсерімен елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады. Оңтүстікте жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Түркістан, Қостанай, Жамбыл, Ақмола және Алматы облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және солтүстік-шығыста бұрқасын күтіліп отыр.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді. Бұрқасын мен тұман болады деген болжам жасалып отыр.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с-ке жетеді. Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарында тұман болады. Желдің жылдамдығы – 15-22 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстанда тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Дүйсенбі күні астанада күн бұлтты, жаңбыр қарға ұласады. Ауа температурасы күндіз 0, түнде -2 градус шамасында.

Алматыда аздаған жаңбыр жауады, күндіз +16 , жаңбыр, түнде +6 градус.

Шымкентте де жаңбыр болады. Күндіз сегіз градус жылы, түнде плюс үш градус болады.

Тақырып бойынша

Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді?
Қарашаға ауа райы болжамы: аязды күндер қашан келеді
Қазақстандық маман қараша айында не істеуге болмайтынын айтты
Қазақстандықтар желіде алғашқы қарға қуанып жатыр - видео
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, қараша, ауа райы болжамы
Загрузка...

Басты тақырып