18:45 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті

Назарбаев: Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым

© Photo : Elbasy.kz
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3996 0 0

Қазақстанның Тұңғыш президенті облыс орталығының құрылысы мен жандануына атсалысып жатқан барша жұртқа алғысын білдірді 

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.   

 Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды.

"Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, жағдай бұған жол бермеді. Бүгін бұл қала облыс орталығына айналды, шаһарды жандандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан – түркі әлемінің бесігі. Бауырлас түркі мемлекеттері де бізге көмектеседі деп сенемін", - деді Елбасы.

Тағы оқыңыз: Димаш ресейлік бағдарламада Назарбаев туралы әзілдеді – видео

Қазақстанның Тұңғыш президенті бүкіл қала бойынша жүріп жатқан құрылыс қарқынының жоғары екенін атап өтті.

"Бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 102-cі биыл іске қосылады. Бұл процеске еліміздің барлық өңірі қатысып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы облыс орталығының құрылысы мен жандануына атсалысып жатқан барша жұртқа алғысын білдірді.

"Барлық жоспарланған нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін біз туристердің көбеюін күтеміз. Сонымен қатар, қосымша жұмыс орындары ашылады. Мұның бәрі біздің халқымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді", - деп түйіндеді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Тақырып бойынша

Назарбаевтың шетелдік сапарларына қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір атақ берілді
Назарбаев Зеленскиймен не туралы сөйлесті
"Қос билік" туралы сөздер Конституциялық кеңес экс-басшысының күлкісін келтірді
Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде күтпеген оқиға болды – видео
Кілт сөздер:
Астана, Түркістан, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып