18:14 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Архивтегі фото

Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды

CC0 / Hans Kretzmann
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
156 0 0

Сабаққа қатысқан оқушылар мұғалімнің қол жұмсағанын растады, бірақ педагогтың өзі кінәсін мойындамады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Сабақ барысында оқушыны ұрған мұғалім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

"А. есімді азамат Қостанай қаласындағы орта мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істей жүріп, кәмелетке толмаған баланы сабақта қасақана ұрып-соғып, денесін ауыртқан", - делінген сот материалдарында.

Сот отырысы барысында педагогтың кінәсі дәлелденді, бірақ өзі мойындаған жоқ. Оқиғаға куә болған оқушылар қол көтеру фактісін растады.

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен мұғалім әкімшілік жауапкершілік кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен жазаға тартылды.

Тағы оқыңыз: Директор сабаққа кешіккен оқушыны ұрып, құлағының пердесін жарып жіберді 

Бұл бапқа сәйкес, әйел он айлық есептік көрсеткіш (25 250 теңге немесе 65 доллар) мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе 10 тәулік мерзімге қамауда жазасын өтеуі керек.    

Тақырып бойынша

Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды
Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды
"Іштен тепкіледі". Ерлі-зайыпты баласын ренжіткен оқушыны жабылып ұрып тастады
Ашуға булыққан мұғалім баланың арқасына ыстық үтік басып алды
Кілт сөздер:
мұғалім, Қостанай
Загрузка...

Басты тақырып