Өңірлер

Жеті жыл өтті: қазақстандық әйел жоғалып кеткен ұлын Ресейден тапты

© Photo : Free-PhotosРуки пожилой женщины, архивное фото
Руки пожилой женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодар тұрғыны баласын 7 жыл бойы іздеген. Осы уақыт аралығында қазақстандық азамат Ресейдегі арнайы мекемеде отырған. Құжаты болмаған соң, елге қайта алмапты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. 66 жастағы павлодарлық әйел жеті жылын жоғалып кеткен ұлын күтумен өткізген. Тұрғынға баласын қайтаруға өңірдегі полиция қызметі көмектесті, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыдан жеті жыл бұрын Шарипа Сәлімханова баласын іздеуге кіріскен. Ұлының тұрақты жұмысы болмаған. Ол 2012 жыл қылмыс жасап, қудалаудан қорыққандықтан, заңсыз Ресей шекарасын кесіп өткен.

Осы уақыт аралығында анасы күдер үзбей, баласын табуға тырысыпты. Ол қос елдің шекара қызметінен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінен, полициядан көмек сұраған. Алайда павлодарлық әйел жеті жылдан соң, яғни 2019 жылы туған ұлынан хабар алыпты. Оның баласы Барнауыл қаласындағы арнайы мекемеде қамауда болған. Шарипа Сәлімханова ұлын алып кету үшін сол жаққа аттанды.

Тағы оқыңыз: Түркістандық кейуана 28 жыл көрмеген ұлымен жылап қауышты

Алайда баласын Қазақстанға әкелу оңайға соқпапты. Себебі, оның жеке басын куәландыратын құжаты болмаған.

Павлодардық Ресейдегі Қазақстан консулының жеке қабылдауына кіре алмапты. Ал арнайы мекеменің қызметкерлері ұлына жаңа құжат жасауға 6 ай уақыт кететінін айтқан.

Мұны естіген әйел Павлодар облысы полиция департатаменті көші-қон басқармасынан көмек сұрады. Олар Омбы қаласындағы Қазақстан консулдығына хабарласқан.

Қазақстан консулы Тәуекел Сәкен 2 аптаның ішінде бұл мәселенің шешімін тауып, павлодарлық әйелдің ұлы Жантасқа елге қайтару туралы куәлік берген. Ал Павлодар облысы көші-қон басқармасы жігітке жеке басын куәландыратын құжатты қалпына келтіруге көмектескен. Ол 30 қазан күні құжатты қолына алды.

Жантас полицейлерге алғысын білдіріп, заңды бұзбауға уәде берді.

Жаңалықтар
0