18:15 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Н.Н. Блохин атындағы ғылыми-зерттеу институты

Дәрігерді шақырдым, ал ұлым қолымда өліп бара жатты – уланған қос сәбидің анасы

© Sputnik / Алексей Куденко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
283 0 0

Шымкентте уланып өлген балалардың әке-шешесі болған жағдайды айтып берді. Олар «егер дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткенде жағдай басқаша болар еді» дейді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша– Sputnik. Шымкентте қара жамылған отбасы бастан кешкен жағдайын айтып берді.

«Егер дер кезінде көмек көрсетілгенде жағдай басқаша болар еді» дейді ерлі-зайыптылар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Еске салсақ, Шымкентте төрт жасар және он айлық ұлдар тамақтан уланып қайтыс болды. Осындай белгілермен сәбилердің анасы мен оның он бір жастағы сіңлісі де ауруханаға түскен.

Тағы оқыңыз: Шымкентте бір отбасының екі баласы уланып көз жұмды

Көз жұмған балалардың анасы Арайлым Ботаева жедел жәрдем қызметін бірінші рет таңғы сағат төртке таман шақырғанын айтты. Дәрігер қызды ғана қарап, белсендіріліген көмір мен көбірек сұйықтық беруге кеңес берген.

Медицина қызметкерлері тек бір қыз туралы хабарланғанын алға тартып, анасы мен қызын ауруханаға жатқызуды ұсыныпты. Келіншек емханаға барудан бас тартқан, өйткені қалған науқас балаларды қалдырып кете алмаған.

"Менің он айлық ұлым түсі жаман, қарақошқыл запыран құсты. Дәрігер бұны өз көзімен көрді. Бірақ, ауруханаға жатудан бас тартқанымыздан кейін кетіп қалды", - дейді Арайлым Ботаева.

Жедел жәрдем екінші рет таңғы сағат тоғызда келеді. Анасы мен сәбилерін жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетеді. Әйелдің айтуынша, ол жерде әр маман бір-біріне сілтеп, ештеңе істемейді.

Телеарнаның хабарлауынша, ата-ана дәрігерлердің көмегін шамамен 20 минут күткен, осы уақытта төрт жасар бала қайтыс боп кеткен.

Тағы оқыңыз: Әкесі дүкеннен тұшпара сатып алған: Шымкенттегі трагедияның мән-жайы

Осыдан кейін келіншекті, 11 жастағы сіңлісі мен он айлық ұлын гипербариялық оттектеу орталығына ауыстырады. Ол жерде әйел мен сәбиді барокамераға орналастырады.

Бірнеше минуттан кейін баланың анасы оның жиі ауыр тыныстап, жылағанын байқайды. Ол бұл жайлы дәрігерге бірнеше рет айтады.

"Ұлыма ауа жетпегені соншалық ол бозарып кетті. Мен барокамераны қағып, көмекке шақырдым. Ал сәбиім қолымда мұздай боп өліп бара жатты. Анау барокамераны ашам дегенше екі минуттай өтті", - деп бөлісті Арайлым Ботаева.

Қайғыдан қан жұтқан ата-ана қос баласын жерледі. Үлкен қыз қазір ауруханада жатыр, оның өміріне еш қауіп жоқ.

Бұған дейін отбасы дүкеннен сатып алынған тұшпарадан уланды деген болжам айтылды. Ұлдардың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар өткізіліп жатыр.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда кәріз құдығындағы метаннан уланған төрт жұмысшы көз жұмды   
Қарағандыда Өзбекстанның он алты азаматы уланып қалды  
Үйлену тойында қонақтар жаппай уланды – қылмыстық іс қозғалды
Павлодар облысында бірнеше бала уланып қалды
Кілт сөздер:
улану, сәби, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып