14:51 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Қысқы табиғат, иллюстративті фото

Хат жазып қалдырған: Солтүстік Қазақстанда қыз бен жігіттің мәйіті табылды

CC0 / pixabay.com
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6647 0 0

Колледж студентін іздеу барысында полиция қызметкерлері қайтыс болғандардың телефондары жатқан көлікті тауып алды

ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында орманнан қыз бен жігіттің денесі табылды, суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Көкшетау қаласындағы колледжде оқитын 16 жастағы студент қыз үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, оған 7 қарашада іздеу жарияланды. Келесі күні полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстандағы Ленинское ауылы маңындағы орманнан ішінде екі ұялы телефон жатқан көлікті тапты, оның бірі жоғалған қызға тиесілі болған.

Телефонмен ойын ойнап, ұйықтап кеткен жігіт көз жұмды

Орманды қарау кезінде қыз бен жігіттің денесі табылды – 23 жастағы жігіт Солтүстік Қазақстан облысындағы Талшық ауылының тұрғыны болып шықты.

"Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға орнынан туыстарына жазған өлер алдындағы хаттары, сонымен қатар жігітке тиесілі ВАЗ-2109 көлігі алынды", - деп хабарлады облыстық полиция.

Ведомство суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Тақырып бойынша

Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео
Алматы түбінде әкесінің көлігін айдап әкеткен бозбала сүйіктісімен апатқа ұшырады
Жарты жыл көңіл қосқан ғашықтар үйленер кезде туыс екендерін білді
Келісімін ала алмаған: Түркістанда жас жігіт сүйіктісін тұншықтырып өлтірді
Алматыда такси ұстап тұрған екі қыз бен жігітті көлік қағып кетті
Загрузка...

Басты тақырып