13:59 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Диқаншылықты кәсіп еткен ауыл 145 гектар егістік жерді игеріп отыр

"Ауыл тұрғындары қиналып жүр": Тоқаев Көкшетауда үлкен жиын өткізіп жатыр

© Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
994 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласында Ақмола облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізуде

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Ақмола облысында ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай қиналып жүр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

"Облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 миллион гектар, соның 88%-і пайдаланылып отыр. Ауылдық елді-мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек", - деді президент.

Тоқаев биылғы жолдауында бәленбай гектар алып, бірақ пайдаланбай отырған латифундистерден жерді алып қоюға тапсырма бергенін еске салды.

"Бұл өте маңызды тапсырма, әдемі сөз үшін айтыла салған жоқ. Қазір еңбекқор, адал фермерлер, шаруалар жұмыс істеп, мал бағатын жер таппай отыр. Осындай күнге жеттік. Менің тапсырмам өте баяу орындалып жатыр. Қазіргі жағдайды өзгертпуге мүдделі біреулер қысым жасап жатқан секілді", - деді Тоқаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етуде Ақмола облысының маңызы зор екенін атап өтті.

"Ақмола облысының артықшылықтары көп. Ең бастысы, бұл аймақ елордамен іргелес орналасқан. Бұл дегеніміз – үлкен нарық. Әкімдік осы бағыттағы жұмыстарды қолға алуы керек", - деді ол.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды. Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді деп хабарланған еді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді.

Тақырып бойынша

Кінәлілер анықталады: Тоқаев мәлімдеме жасады
Тоқаев білім министрлігіндегі жанжалдан кейін кадрлық ауыс-түйіс жасады
"Шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс": Тоқаев кеңесте маңызды мәселені көтерді
Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты
"Мойындау керек": Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы нені білдіретінін айтты
Тоқаев қытайлық компания басшысын Ақордаға шақырды
Кілт сөздер:
Көкшетау, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып