16:12 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Жол талғамайтын көлік, архив фото

60 джиптен тұратын кортеж: Оралда ер адам әйелінен ажырасқанын атап өткен

© Sputnik / Владимир Песня
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1200 0 0

Бірер күн бұрын ер адам көшеде 60 джиптің ортасында тайраңдап жүрген еді. Кейін полиция тұрғынды қолға түсіріп, оның бұған дейін бірнеше рет сотталғанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Оралда ер адамның көшеде 60 джиппен не себепті жүргені белгілі болды, деп хабарлайды "Уральская неделя" порталы.

Басылым жалға алған қымбат автокөліктердің иелерімен және полиция қызметкерімен сөйлескен. Олардың айтуынша, ер адам Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласынан Оралға келіпті. Ол таяуда әйелімен ажырасқан екен. Ерлі-зайыптылар Оралдағы пәтерін сатып, ақшасын бөліп алған. Ертеңінде 60 джипті жалға алып, саунаға атап өтуге барған жерінен ер адамды полиция ұстайды. 

Тағы оқыңыз: Оралда ер адам 60 джиптің ортасында көшеде тайраңдап жүрген - видео

Белгілі болғандай, көліктерді бір сағатқа жалға алу құны 15–20 мың теңге шамасында екен. 

Басылымның хабарлауынша, тәртіп сақшыларын облыс әкімі резиденциясының күзет қызметі шақырған. Резиденция джиптер жүрген көшеде орналасқан болып шықты.

Айта кетейік, 16 қарашада Оралда көшеде 60 джиппен жүрген ер адам ұсталған еді. Қымбат көліктердің арасында Toyota Land Cruiser Prado, Gelandewagen, Lexus бар. Кейін полиция департаменті хабарлағандай, ерекше кортежге тұрғындар шағым түсірген.

Тақырып бойынша

Алматыда жол талғамайтын көліктер жарысында қайғылы оқиға болды
Алматы түбінде әкесінің көлігін айдап әкеткен бозбала сүйіктісімен апатқа ұшырады
Қостанайда джип жүргізушісі зейнеткерді ұрып тастады - видео
Кілт сөздер:
ер адам, Орал
Загрузка...

Басты тақырып