09:06 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Камера, архивтегі сурет

Жамбыл облысында майордың қылмысы видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Алексей Куденко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1750 0 0

Елдің бірқатар өңірінде әскери қызметшілер жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Оларға қатысты нақты шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында жоғары лауазымды әскери қызметкер әскери билет бергені үшін 35 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қүрес қызметі Тұрар Рысқұлов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы әрі майорына қатысты тергеуді бастаған.

"Ол әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскери билет беруде ықпал еткені үшін тұрғыннан 35 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алайда жоғары лауазымды әскери қызметкер қамауға алынбапты.

"Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалды қамау шарасы қолданылған жоқ", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Сонымен қатар Түркістан облысында тағы бір әскери қызметкер жемқорлық қылмысын жасаған.

"2019 жылдың жылдың 20 қарашасында Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің басшысы, капитан Әлиев сотталды. Ол алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы өңір тұрғынының қарулы күштердегі қызмет өтеуін кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражатын иемденді деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Соттың үкімімен ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымға ие болуы құқығынан және әскери шенінен айырылды.

Сондай-ақ, алаяқтық жасаған әскери қызметкер мемлекетке 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Тақырып бойынша

Назарбаевтың жиені Ақтауда түсірген видео желіде жарияланды
Қазақстандық әйел жоғалып кеткен ұлын 25 жылдан соң тапты - видео
Текеліде дәмханада атпен қыдырған жігіт қамауға алынды - видео
Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды
Қызылорда облысында майор әйелдің қылмысы видеоға түсіп қалды
Кілт сөздер:
видео, Жамбыл облысы
Загрузка...

Басты тақырып