09:03 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Құжаттар, архивтегі сурет

Оралда шенеунік әйел бір шешімінің арқасында жазадан құтылып кетті – видео

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
840 0 0

Батыс Қазақстан облысында бөлім басшысы 100 мың теңге көлеміндегі парадан бас тартқан. Нәтижесінде ол қылмыстық жазадан құтылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Оралда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы парадан бас тартып, жазадан құтылды, деп хабарлайды жергілікті nadezhda.kz порталы.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес қызметі Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Г. Рамазановаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін атап өтті. Ол пара алды деген күдікке ілінген.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қүрес қызметінің мамандары 100 мың теңгені пара ретінде дайындап қойған. Бұл ақша қаладағы мейрамхана жұмысына оң баға беріп, кейін бұл мекемеге "қамқорлық" көрсету үшін берілуі тиіс еді. 

"Қаржы үшінші адамның банк картасына аударылды. Алайда Рамазанова оған хабарласып, бұл ақшаны пара бермекші болған адамға қайтаруды сұраған. Осылайша, Рамазанова өз еркімен парадан бас тартқан. Нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған. Себебі, оның әрекетінде қылмыстық істің құрамы болмаған", - делінген хабарламада.

Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес қызметінің мамандары бөлім басшысы "Мемлекеттік қызмет туралы" заң мен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзды деген пікірде.

"Осыған байланысты біз Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысының атына Рамазанованы қызметінен босату туралы ұсыныс жібердік", - дейді БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында майордың қылмысы видеоға түсіп қалды

Бұл ұсынысты 20 қараша күні басқарма комиссиясы қараған. Алайда жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары басқарма басшылығымен кездесу барысында Рамазановаға қатысты шешім шығарылмағаны анықталыпты.

Тақырып бойынша

Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Ақтаудағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды
Алматыда судья сотталды - 45 миллион теңге айыппұл төлейді
Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды
Кілт сөздер:
видео, жаза, әйел, шенеунік, Орал
Загрузка...

Басты тақырып