17:13 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Ақтоғай тау-кен байыту

"Бірде-бір қытай жоқ": Даниал Ахметов маңызды сұраққа жауап берді

© Photo : Twitter-аккаунт сайта премьер-министра Республики Казахстан
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
449 0 0

Шығыс Қазақстан облысының басшысы өткен жылы аймақта іске қосылған Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты туралы айтты. Кәсіпорында бірде-бір қытай жоқ деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтағы ірі жоба туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімнің айтуынша, былтыр аймақта Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты жобасы іске қосылған болатын. Бұл – әмбебап кәсіпорын. Әлем бойынша мұндай технологиялық нысан бесеу ғана.

"Ол жерде 1 750 адам жұмыс істейді. Айтпақшы, Қытайдың кредитіне салынды. 20 жылға арналған кредиттің жылдық мөлшерлемесі – 2 процент. Кәсіпорында бірде-бір қытай жұмысшысы жоқ. Австралиядан 5-6 адам, Пәкістан мен Үндістанның жұмысшылары бар. Жалпы, олардың саны 12 адамнан аспайды", - деді Ахметов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда әкім өз ренішін де жеткізді. Оның айтуынша, бұған дейін Шығыс Қазақстанда алтын кеніштерін тек қытайлар ғана игеріп жатыр деген алыпқашпа әңгіме болған. Бірақ оны жоққа шығарғаннан кейін ешкім үн қоспаған.

"Біз оның бәрі өтірік екенін дәлелдедік. Сонда бірде-бір журналист ол жайында жазған жоқ. Бұл – бір. Мені тағы бір мәселе мазалайды. Қытайлық инвестициялар тиімсіз дейді. Ол да дұрыс емес. Мәселен, біз 2,1 миллиард долларды Қытайдан өте тиімді шартпен алдық. Сөйтіп, ол ақшаға Ақтоғайды дамыттық. Жаңа технологияларды сатып алдық. Осы инвестициялардан кейін бірде-бір қытайлықтың қалмағанын ешкім айтпады", - деді Ахметов.

Тағы оқыңыз: Даниал Ахметов 22 млрд теңгенің қайда кеткенін айтты

Облыс басшысы ауыл шаруашылығы саласында "Қытайға жол ашылғанын" да жеткізді.

"Бізге қазір Қытайдың жолы ашылды. Мысалы, көрші мемлекет соя мен май өнімдерін 49 миллиард долларға сатып алады. Енді, біз осы жолға түсуіміз керек. Ол үшін не істеуміз керек? Жаңа тұқым әкелуіміз керек. Ойымызды кішкене өзгертуіміз керек. Сонда ғана біз ауыл шаруашылығының сапасын өзгертеміз", - дейді Ахметов.

Тақырып бойынша

"Кімді жаулап жатыр?": Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді
"Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты
Қытай азаматтарының Қазақстандағы заңсыз әрекеті әшкере болды
Димашты қытайлар мектеп оқулығына енгізіп қойды – фото
Даниал Ахметов туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
Қытай азаматтары, Даниал Ахметов
Загрузка...

Басты тақырып