08:08 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
ШҚО әкімі Даниал Ахметов

Даниал Ахметов өз жалақысы туралы айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
196302

Әкім "стандартты айлық" алатынын, бірақ еңбек өтіліне байланысты басқаларға қарағанда жалақының көбірек түсетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өз еңбекақысының көлемін ашық айтпады. Бірақ алдағы уақытта интернетте жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Бас мүфти түрмеде жұмыс істейтін имамдарға тұрақты жалақы тағайындауды ұсынды

Бүгін астанада өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысына қызметақыға қатысты сұрақ қойылды. "Бүгінде министрлер мен әкімдер өз жалақысын жариялап жатыр. Сіз де олар сияқты өз еңбекақыңыздың көлемін жариялай аласыз ба?", - деп сұрады журналистер.

Әкім "стандартты айлық" алатынын, бірақ еңбек өтіліне байланысты басқаларға қарағанда жалақының көбірек түсетінін жеткізді.   

"Керек болса, еңбекақымды жариялаймын. Мен "стандартты айлық" аламын. Ресми сайтым және әлеуметтік парақшаларым бар. Жақын арада сонда бәрін жариялаймын. Басқа шығындарды да көрсетеміз. Бұл жерде құпия жоқ. Барлық шенеунік стандартты жалақы мен сыйақы алады. Сосын көп нәрсе еңбек өтіліне байланысты. Менің әжептәуір еңбек өтілім бар", - деді Ахметов.

Айта кетейік, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов өз айлығы жайында айтқан болатын. Ол Батыс Қазақстан облысының әкімі боп тұрғанда ай сайын 762 000 теңге алғанын жеткізді. Қазіргі еңбекақысы да сондай. Бірақ еңбек өтіліне қарай оның көлемі сәл өзгереді.

2020 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әкімдер, министрлер мен депутаттар табыс туралы декларацияны ашық ақпарат көздерінде жариялауға міндетті болады.

Тақырып бойынша

"Айына 350 мың теңге": патрульдік полицейлердің жалақысы жарияланды
Павлодарлықтардың орташа жалақысы қанша – әкімнің жауабы
Ипотеканы атаулы әлеуметтік көмекпен өтеуге бола ма?
Еңбек министрі Қазақстанда қанша қытай жұмыс істеп жүргенін айтты
Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, жалақы, Даниал Ахметов
Загрузка...

Басты тақырып