02:37 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Ер адам, архивтегі сурет

Павлодар облысында полицияға куәгер ретінде шақырылған ер адам өз-өзіне қол салды

CC0 / pixabay.com
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
452 0 0

Ер адамның денесі туысының үйінің кіреберісінде табылды. Павлодар облысы жеке қауіпсіздік департаменті басқармасы қызметтік тексеріс бастады

ПАВЛОДАР, 26 қараша – Sputnik. Полиция қызметкерлері жауап алғаннан кейін Павлодар облысының тұрғыны туысының үйінің кіреберісінде өз-өзіне қол салды. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарлады.

Туыстарының айтуынша, 21 қараша күні Ақкөл ауылының екі жылқышысын жұмыс уақытында учаскелік полицей Екібастұзға алып кеткен.

Жолда жылқышы үйіне соғып, киімін ауыстырған. Учаскелік полицей не үшін ұстағанын білмейтінін айтқан. Оған жылқышыны полиция бөлімшесіне жеткізу тапсырылыпты.

Марқұмның туыстары жауап алу сағат 23-30-ға дейін жалғасқанын айтып отыр. Бұдан соң ер адам үйіне хабарласып, келесі күні сағат 10:00-де жауап алу жалғасатынын хабарлаған. Үйіне келетін ақшасы болмапты (Ақкөл Екібастұздан 68 шақырым жерде). Сондықтан қаладағы туыстарына барған. Ол жерге полицейлер жеткізіп салыпты.

Тағы оқыңыз: 16 жастағы бозбала бүкіл отбасын балталап өлтіріп, өз-өзіне қол салды

Таңертең ер адам полицияға жиналып жатқан. Алайда сағат 11:00-де әйелінің қоңырауына полиция қызметкері жауап беріп, ер адамның өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан.

Ер адамның туыстары куәгерлерді іздестіріп жатыр. Олар шындықты біліп, кінәлілер жазаланса дейді.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Біләлова мұндай фактінің тіркелгенін Sputnik Қазақстанға растады. Ер адамның денесі туысының үйінің кіреберісінде табылған. 

"Бұл фактіге сәйкес,қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу ) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деді ол.

Ер адамның туыстарының әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес, жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. 1971 жылы туған ер адам шаруа қожалықтардың бірінде жылқышы болған.

"Бұған дейін ол 48 бас жылқысы жоғалған адамға бұл қылмысты кім жасағанын айтқан. Осыған байланысты 21 қараша күні куәгер ретінде полицияға жауап алуға шақырылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыз: Полицейдің артында екі баласы қалды: БҚО-да болған қайғылы оқиғаның мән-жайы

Полицейлер 22 қараша күні сағат 10:00-де Екібастұздағы үйлердің бірінде екінші қабатта ер адамның денесі табылғанын хабарлады.

"Бұл іс Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің жеке бақылауында. Өзге ақпарат хабарланбайды", - деп жазылған баспасөзге берілген ақпаратта.

Қарастырылып отырған бапқа сәйкес, кінәлілердің үш жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Абай ауылында жігітті үш жыл бойы зорлап келген экс-полицей ұсталды
Хат жазып қалдырған: Талғарда оқушы өз-өзіне қол салды
Хат жазып қалдырған: Алматыда ер адам ойын алаңында өз-өзіне қол салды
Оқ жаудырған: Алматы облысында қылмысы әшкере болған 3 полицей қашып кетті
Әйел баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, видеоға түсірді: оқиғаның мән-жайы
Кілт сөздер:
ер адам, куәгерлер, полиция, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырып