00:41 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
митинг

Әкім жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2311 0 0

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Аймақ басшысы Серікбай Трұмов жаңаөзендіктер неге митингке шыға беретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, Жаңаөзен қаласының тұрғындары жұмыс және Қытай мәселесіне қатысты минингке шыққан. Тұрғындар арасында Қытайға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал жұмыспен қамту мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр.

"Жаңаөзен қаласында жалпы жағдай қалыпты. Жыл басында жұмысқа орналасуға қатысты көшеге шыққан азаматтар болды. Облыс әкімдігі мен үкімет байланыс жасап отыр. Қазір "Өзен-Инвест" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жанынан 350 орындық жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, "Таза су" кәсіпорны құрылып, 90 адамды жұмыспен қамтамсыз еттік", - деді Серікбай Трұмов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың экс-кеңесшісі Қытайға қарсы митингілерді кім өршітіп жатқанын болжады

Әкім 2019 жылдың басынан бері Жаңаөзенде 450 жаңа жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Бірақ халықты жұмыспен қамтуға байланысты мәселелер әлі де бар екенін ашық айтты.

"Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамтуға байланысты мәселелер бар. Мұндағы азаматтар мұнай саласында жұмыс істегісі келеді. Бірақ Жаңаөзенде 155 мың халық тұрады. Оның ішінде жұмысқа қабілетті адам саны – 77 мың. "Өзенмұнайгаз" компаниясында 15 мың адам жұмыс істейді. Бұл компанияның халықты толық жұмыспен қамтуға мүмкіндігі жоқ", - деді облыс әкімі.

Осы орайда өңір басшысы облыста шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, біраз жұмыс қолға алынғанын айтты.

Тақырып бойынша

Қытайға қарсы наразылық акциялары: екі ел президенті не талқылайды
"Бізді надан деп ойлайсыздар ма?": Абаев Жаңаөзендегі митинг туралы пікір білдірді
Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото
Оқиға орнында көз жұмды: Маңғыстау облысында көлік түйеге соғылды
Маңғыстау облысының әкімі мектеп дәретханасы мәселесі қалай шешілетінін айтты
Кілт сөздер:
Жаңаөзен, әкім, Маңғыстау облысы
Загрузка...

Басты тақырып