Өңірлер

Қазақстанда Қытай азаматтары қылмыс үстінде ұсталды  

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лауазымды тұлғаны параламақ болған Қытай Халық Республикасының азаматтары ұсалып, тергеу абақтысына жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаментінің қызметкерлері Қытайдың екі азаматын осы ведомствоның уәкілетті қызметкеріне қамқорлық жасау үшін пара беріп жатқан жерінен ұстады.   

"Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Қытай Халық Республикасының екі азаматын департаменттің уәкілетті қызметкеріне 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Пара Атырау қаласында заңсыз жұмыс істеген шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң шешу үшін берілген.  

Тағы оқыңыз: Еңбек министрі Қазақстанда қанша қытай жұмыс істеп жүргенін айтты

Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде айсайынғы ақшалай сыйақы ұсынған.

Ұсталғандар кінәсін мойындады. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0