17:02 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Су құбыры, архивтегі фото

Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбыры қайта құруға дайындалып жатыр

© Sputnik / Ксения Воронина
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
290 0 0

Осы бағыт бойынша Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындары, сонымен қатар жақын маңдағы ауылдар сумен қамтамасыз етіледі

МӘСКЕУ, 29 қараша – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбырын қайта құру жобасын қаржыландыру үшін Еуразия даму банкімен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы журналистерге "Сарыарқа" газ құбыры басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және құрылыс жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев айтты.

"Біздің портфелде негізгі бизнес үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалар бар, олар сонымен бірге әлеуметтік мәселелерді шешеді. Біз қазір Батыс Қазақстанда халықты және мұнай өнеркәсібін сумен қамтамасыз ету үшін құбырларды қайта құру туралы мәселені талқылап жатырмыз", - деді Берлібаев Мәскеуде өткен "Еуразиялық экономикалық интеграция" халықаралық конференциясының кулуарында.   

Техникалық су Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбыры арқылы Еділ өзенінен Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарына жеткізіледі. Сонымен қатар, су тазартылып, ауызсу ретінде Құлсары, Жаңаөзен қалаларына және жақын орналасқан ауылдарға тартылады.

"Мерзімі бойынша бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі 2020 жылы сәуірде дайын болады. Содан кейін біз жобаның құны мен параметрлерін анықтаймыз. Бірақ, түпкілікті шешімді күтпей, алдын ала келіссөздер жүргіземіз. Басталуы – 2020 жыл", - деп толықтырды Берлібаев.

ЕАДБ басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Исенов Sputnik Қазақстанға берген түсініктемесінде Астана-Маңғышлақ магистральды су құбырын қайта құру жобасы банктің мандатына толық сәйкес келетінін растады.

"Бұл біз үшін қызықты, банк осы жоба арқылы өз миссиясын жүзеге асырады. Осылайша, ол акционерлер қойған міндеттерді орындайды, біз солай істеуіміз керек. Банк осы үшін де құрылған", - деді Исенов.

Мәскеудегі XIV жыл сайынғы "Еуразиялық экономикалық интеграция" халықаралық конференциясында "ҚазМұнайГаз" халық пен өнеркәсіп үшін маңызды болып табылатын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын зәкір клиент ретінде ЕАДБ-ның марапатын алды.

Тақырып бойынша

Алматы көшесін ыстық су басты – видео
Ғалымдар құбыр суының ешкім күтпеген қаупін анықтады
Қазақстанның астанасына газ ресейлік құбырлар арқылы жеткізіледі
Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары судың түсінен шошып отыр
Загрузка...

Басты тақырып