00:45 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Сот, иллюстративті фото

Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1158610

Бейтаныс жанның беталды әрекеті судьяның ашуын келтірді. Сөйтсе бөлмеге баса-көктеп кірген сотталушының туған қарындасы екен

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Алматыда екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты сот басталды. Сәбидің сау-тамтығын қалдырмай тепкінің астына алған еркек ең ауыр жаза арқалауы мүмкін. Оны судья бірден айтты.

Асқан қатігездік танытқан Жеңіс Құрманғазин өзін түсіруге тыйым салды.

Журналистерге өктем сөйлеген өгей әке сотта да дөрекілігін көрсетті. Екі жасар баланы жауыздықпен ұрып өлтірді деп айыпталған еркектен жауап алуды бастаған судья бірінші кезекте туған балаларының бар-жоқтығын сұрады, деп хабарлады КТК. 

Өзінің де кішкентай балалары бар. Бірақ ол туған бала-шағасымен араласпайтын болып шықты. Жалпы, сот процесі тосын жайтқа толы болды. Мәселен, сот залына аяқ астынан бет-аузын тұмшалап алған біреу кіріп келді.

Тағы оқыңыз: Сүйіктісін досымен жабылып зорлаған жігіт сотта жылап жіберді 

Бейтаныс жанның беталды әрекеті судьяның ашуын келтірді. Сөйтсе бөлмеге баса-көктеп кірген сотталушының туған қарындасы екен. Ағасын қолдауға келгенін айтқан әйел кірген бойда беттен алып, төске шапты.      

Мұнда тек баладан айырылған ана ғана үнсіз отырды. Әсел Теңізбаева сотқа жалғыз келген. Бір жылға жуық бірге тұрған сотталушыға әйел көз қырын да салмады. Күдіктінің өзі де қарауға дәті бармай, басын салбыратқан күйі отырды. Баланың жантүршігерлік өліміне қатысты сот процесінің ұзаққа созылмайтын түрі бар. Себебі, судья сотталушыға бірден ең ауыр жаза тағайындайтынын ескертті. Мұны естіген еркектің туыстары сот залында жылап жіберді.

"Қатаң жазалана ма, өмірбақи отыра ма, шыға ма, ол маған менің баламды қайтарып бермейді. Бұл жерде ол жазасын алса, о дүниеге барғанда Алланың жазасын алады. Мен соған сендім", - дейді марқұмның анасы Әсел Теңізбаева.

32 жастағы Жеңіс Құрманғазинге кәмелетке толмаған баланы асқан қатігездікпен ұрып өлтірді деген ең ауыр баппен айып тағылған. Оған сәйкес, Түркістан облысының тумасы өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізіге салсақ, жантүршігерлік оқиға қыркүйекте болған. Анасы жұмысқа кетіп, жылай берген баланы өгей әке өлімші етіп ұрды. Сәбиді есінен танғанша соққыға жыққан азамат оны өзі ойнап жүріп  құлап қалды деп ауруханалардың біріне апарып тастаған. Ал сәби сол күйі есін жимады.     

Тақырып бойынша

Алматыда ер адамның екі жасар өгей ұлын не үшін өлтіргені белгілі болды
Өгей әке 5 жасар қызын көміп тастаған жерді көрсетті – видео
Айтуға қорыққан: Қызына айуандық жасаған Қарағанды тұрғыны жазасын алды  
Денис Тенді өлтіргендер үкімді естігенде қандай күйде болды - видео
Загрузка...

Басты тақырып