09:09 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Теңге, архивтегі фото

Жаңа мемлекеттік жәрдемақының талаптары түсіндірілді

© Sputnik / Абзал Калиев.
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
332510

2020 жылдан бастап енгізілетін өзгеріс масылдықты жоюды көздейді. Бұдан өзге көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемі өсірілмек

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Келер жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережесі өзгереді.

Соған сәйкес, енді кедейшілік шегі мен отбасының кірісі есептеліп, айырмашылығы төленбек. Бұл туралы ақтөбеліктермен кездескен жауапты мекеме басшылары түсіндірді, деп хабарлады "Хабар 24".

Бүгінде  қала бойынша он мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы уақытқа дейін бұл мақсатқа 4 миллиард 200 миллион теңге бөлінген. Ал отбасының табысы белгілі мөлшерден асқан 313 отбасыға көмек көрсету тоқтатылған.

Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады? 

Мамандардың айтуынша, 2020 жылдан бастап енгізілетін өзгеріс масылдықты жоюды көздейді. Бұдан өзге көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны өсіру қарастырылып отыр.

"Ең бастысы, бүгінгі күнге дейін бала күтімімен 7 жасқа дейін отыра алса, енді ата-ананың біреуі бала күтімімен 3 жасқа дейін отыруы тиіс. Және еңбекке жарамды отбасы мүшесі міндетті түрде жұмысқа орналасуы қажет. Балалар жәрдемақысы туралы айтсақ, ол жерде 4 балалы отбасыларға 42 500 теңгеден, 5 балаға 53 мың теңге, 6 балаға 63 000 теңге және 7 және одан да көп балаға 73 мың теңгеден төленеді", - дейді   қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Алтынай Мақанова.

 

Тақырып бойынша

Зейнет жасы мен әр балаға жәрдемақы: министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Министр атаулы әлеуметтік көмек алғандарға қатысты мәлімдеме жасады
Ипотеканы атаулы әлеуметтік көмекпен өтеуге бола ма?
Жалақы 50 процентке дейін өседі: Үкімет бірқатар шараны қолға алмақ
Маман желтоқсан айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып