11:29 11 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD386.19
  • EUR427.71
  • RUB6.07
Портфель

Таразға жаңа әкім келді

© Sputnik / Владимир Федоренко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
216 0 0

21 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Осы қызметке 53 жастағы Айтқазы Қарабалаев келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев 1966 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Талдықорған заң институтын экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданы "Дружба" қызылша кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Алматы қаласы ТЭБ №54 инженер-технигі, Алматы қаласы "Хаир-Иксан" мәдени-ағарту қайырымдылық қоғамы коммерциялық директорының орынбасары, Алматы қаласы "Тигрохауд" сауда-өндірістік қауымдастығы сауда ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары болған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Одан кейін Тараз қаласы әкімі жанындағы экономика және сауда басқармасының бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімі жанындағы жергілікті бюджеттерге алымдар мен кейбір салық төлемдерін жинау жөніндегі агенттік директоры, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жуалы ауданының әкімі, "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясының Жамбыл облысындағы өкілдігінің директоры қызметтерін атқарған.

Президент тапсырмасы

Айта кетейік, 21 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырған болатын.

"Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Осы тапсырмадан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды. Ол әр жылдары Жамбыл облысында Қордай және Шу аудандарының әкімі болды.

Дәретханадағы зорлық

Таразда 7-сынып оқушысын мектеп аумағындағы дәретханада зорлап кеткен.

Мектеп ішіндегі әжетхана дұрыс жұмыс істемеген және білім ошағының аумағында бір сағат бойы жүрген бөтен адамға ешкім назар аудармаған.

Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ол 19 жыл бұрын әйел зорлағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шыққан.

Кейін мектеп қызметкерлерінің жаппай жұмыстан босатылғаны хабарланды.

Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті.

Тақырып бойынша

Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды
Таразда мектеп дәретханасында оқушыны зорлады: білім министрлігі түсініктеме берді
Тараздағы сұмдық: оқушы қыздың зорлануына қатысты тың деректер шықты
Дәретханада оқушы қыз зорланды: шенеуніктер жұмыстан қуылып жатыр
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Кілт сөздер:
тағайындау, жаңа әкім, Тараз
Загрузка...

Басты тақырып