Өңірлер

Нұр-Сұлтан қаласы мен төрт облыста дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Асем МиржекееваМетель в Астане
Метель в Астане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер ертең елордада және бірнеше облыста қолайсыз ауа райы болатынын ескертеді. Қатты жел соғып, бұрқасындатады, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы мен төрт облыста дабылды ескерту жарияланды, де хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қаласында 8 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ сақталады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с-ке жетеді.

Мужчина во время снегопада - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Көкшетау қаласында ертең жолдарда көктайғақ болады, деп ескертеді мамандар. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавл қаласында түнде 8 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0