11:37 20 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.09
  • EUR407.37
  • RUB5.93
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
269 0 0

Қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері бейнекамераларды тексеріп, 4 сағаттың ішінде күдіктілердің ізіне түсті

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында көлік ұрлады деген күдікпен екі адам ұсталды.

Түркістан қаласы полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулер "Опель Вектра" маркалы жеңіл көлігін ұрлап кеткенін айтып, арызданған.

"Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион 500 мың теңге болған. Қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері көлік ұрланған аймақты жіті қарап, бейнекамераларды тексерді. Осылайша 4 сағаттың ішінде полицейлер күдіктілердің ізіне түсті", - деп хабаралады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде Түркістан қаласының екі азаматы тұрғылықты мекен-жайында ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдіктілер автокөлікті түнгі уақытта ұрлап, Шымкент қаласына қарай бет алған.

Татуласуға жол жоқ: ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады

"Олар жол бойындағы жанар-жағармай бекетіне аялдап, көліктеріне толтыра бензин құйып алып, ақшасын төлеместен қашып кеткен. Автокөлікті қатты жылдамдықпен жүргізуі салдарынан жолда апатқа ұшырайды. Екі күдікті де жеңіл жарақат алып, көлікті сол жерде қалдырып, қашып кеткен", - дейді полицейлер.

Бүгінгі таңда Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ күдіктінің бірінің бұрын Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188, 200-баптарымен сотты болғандығы анықталды.  
Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды, есігін ашық қалдырып кетпеуді ескертеді.  

 

Тақырып бойынша

Алматыда 350-ге жуық көлік айнасын ұрлаушы ұсталды
Бір аптада үш көлік ұрлаған баланың ата-анасы қомақты шығын төлейді
Астанада ер адам эвакуатордың көмегімен көлік ұрлаған
Алматыда 15 жастағы жасөспірім 12 көлік ұрлаған
Оралда 9 жасар бала көлік айдап әкетіп, апатқа ұшыраған
Шымкентте сатушы әйелдің әрекетінен кейін тонаушы қашуға мәжбүр болды
Кілт сөздер:
Түркістан, жол апаты, көлік ұрлау
Загрузка...

Басты тақырып