00:56 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6167 0 0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктілерді  тінтіп, қару және экстремистік сипаттағы діни материалдарды тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтау және Жаңаөзен қалаларында бір топ ер адамды – "салафизм" деструктивті діни ағымын ұстанушыларды ұстады.

Тағы оқыңыз: Атырауда бес қабатты үйдің ауласында үш адам ұсталды – видео 

Олар пайдакүнемдік ниетпен ірі мөлшерде ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаумен айналысқан, деп жазды mangystaumedia.kz сайты.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларының екі тұрғыны, сондай-ақ олардың сыбайластары анықталып, ұсталды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару, сондай-ақ экстремистік сипаттағы діни материалдар табылып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тақырып бойынша

Баласы "Алла" атын аузына алып, намазға жығылса ата-ана неге қорқады?
"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының ісі сотқа жіберілді
Сириядағы соғыстан қашып шыққан БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды
Адасқан жігіт дер кезінде теологтарды тыңдамағанына өкініп жүр
Кілт сөздер:
ұлттық қауіпсіздік комитеті, салафиттер
Загрузка...

Басты тақырып