Өңірлер

Қарағандыда мұғалім 11 жылға сотталды

© Sputnik / Alexas_FotosМужчина с книгами и портфелем, иллюстративное фото
Мужчина с книгами и портфелем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті мамандандырылған мектеп-интернатта жұмыс істей жүріп, әлеуметтік желі арқылы есірткі сатумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды nv.kz порталы.

Полиция тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды сатқанын анықтаған. Ол тәртіп сақшыларына ұсталып қалмау үшін есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатқан.

"Күдікті пайданы көздеп, тыйым салынған синтетикалық есірткі сатқан. Жеткізушіні Telegram-ның көмегімен тапқан. Тауарды пошта арқылы салып жіберіп отырған", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотталушының есірткі сату әдісі полицейлерге жақсы таныс. Telegram желісінде тыйым салынған препараттардың сатылатыны туралы хабарландыру берілген. Сатып алушы QIWI-әмиян арқылы талап етілген соманы күдіктіге жіберген кезде, ол оған тауардың қайда сақталғаны жөнінде мәлімет жіберіп отырған.

Тағы оқыңыз: Ақтауда ата-ана қызының өліміне мектеп мұғалімін кінәлап отыр 

"Сарапшылардың және куәгерлердің көмегімен күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда оның заңсыз жолмен тапқан табысы оның жұмысына қатысы болмаған. Ол есірткіні мектептен тыс жерде сатқан", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот үкімі шығардан алдын мұғалімге берілген оң мінездеме ескерілген. Әріптестері оның жақсы адам болғанын, мықты маман екенін айтқан.

Соған қарамастан Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімді есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Жаңалықтар
0