13:52 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1035401

Қызылорда маңындағы Тасбөгет елдімекеніндегі жас қыздың өліміне қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА, 15 қаңтар — Sputnik. Қызылорда облысының прокуратурасы 2019 жылдың 10 қазанында болған оқиғаға кім кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еске сала кетсек, 10 қазан күні жергілікті полицияға Тасбөгет елдімекеніндегі өзен бөгетінде қыздың денесі табылғаны туралы хабар түскен. Қыздың басы кесілген.

Полицейлер бұған өздері көз жеткізді. Көлікте жараланған ер адам табылды. Жанында қыздың денесі болған. Жақын маңда тәртіп сақшылары қыздың басын тапты.

Жігіт ауруханаға жеткізіліп, аман қалды. Қыз да, жігіт те 1990 жылы Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылында туған. Трагедия болған кезде екеуі де Қызылордада жұмыс істеген. Қыз Тасбөгетте туыстарында тұрған.

Тағы оқыңыз: Бүтін бір отбасын атып, өртеп жіберді: Алматы облысында болған қылмыстың мән-жайы

Оқиғаны тергеуді Қызылорда облысының прокуратурасы бақылауға алды. Құқық қорғау органының қызметкерлері жаралы табылған жігітті де күдікті ретінде қарастырды. Соңында танысын сол жігіт өлтіргені анықталды.

"Жігіт көлікте қызға бірнеше рет пышақ сұғып, басын кесіп тастады", - деп хабарлады Қызылорда облысының прокуратурасы.

Daewoo Nexia көлігі жігітікі болған. Қызды өлтірген соң ол өзін өзі жаралаған. Жігіт ауруханадан шыққан соң қамауға алынды.

Психиатр қаскөйдің психологиялық ауытқуы бар екенін дәлелдеді.

"Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіге "белгісіз шизофрения" диагнозы қойылды", -деді прокурорлар. – Қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді".

Тақырып бойынша

"Әйелдің бәрі - жезөкше": қыз-келіншектерді аяусыз өлтірген атышулы қанішерге үкім шықты
Ағасы туған інісін болмашы нәрсеге бола өлтірді: оқиғаның мән-жайы
Тойда асаба төбелес шығарды: қонақтар даяшыларды аяусыз ұрып-соқты – видео
Жас жігіт 60 жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жықты – видео
"Буындырып, тепті": Алматылық қызды ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген
Кілт сөздер:
қанды оқиға, Қызылорда облысы, қыз
Загрузка...

Басты тақырып