20:43 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2032 0 0

Облыстық әкімдік әлеуметтік желіде Болат Бақауовтың ұсталып, тергеліп жатқанына қатысты ақпарат туралы түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар — Sputnik. WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабар тарап жатыр. 

Аудиода әкімнің бүгін, 15 қаңтар күні ұсталғаны айтылған.

"БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр" деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз", - делінген Павлодар облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында. 

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін (2014 жылдың сәуір айынан бастап) Павлодар қаласының әкімі болған. 

Желідегі Бақауов

Бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодардағы қайырымдылық балында өткен аукционда облыс әкімі Болат Бақауовтың портреті сатылғаны туралы видео тараған болатын. 

Аймақ басшысы бейнеленген картина 31 миллион теңгеге (шамамен 82 мың доллар) сатылды. Ролик кадрларынан картинаны сатып алған азаматты – жергілікті кәсіпкер Гнел Акопянды да көруге болады.

Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін Павлодар облысының әкімдігі жедел түрде брифинг өткізді. Онда өңір басшысының баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет шын мәнісінде әкімнің портреті біршама аз сома – 700 мың теңгеге (1,8 мың доллардан астам) сатылғанын ресми түрде мәлімдеді.

Ал 2018 жылы желіде ерекше костюм киген Болат Бақауовтың суреті тарап, жұрттың қызу талқысына түсті.

Тақырып бойынша

"Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді
Бағасы қанша: Бизнесмен Павлодар облысы әкімінің портретін сатып алды
Павлодар әкімі 50 миллион теңгеге үй сатып алғаны үшін жазаланды
Бақауов облыс әкімдері арасында үздік мерген атанды
Павлодарлықтардың орташа жалақысы қанша – әкімнің жауабы
Кілт сөздер:
әкім, желі, Павлодар облысы, Болат Бақауов
Загрузка...

Басты тақырып