Өңірлер

Ақтауда шетелдік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылық білдірді - видео

© SputnikАвтомобиль с армянскими госномерами
Автомобиль с армянскими госномерами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде Армения және Қырғызстан нөмірімен жүрген көліктерге қатысты жаңа талаптар енгізілген болатын. Ақтау мен Жаңаөзендегі жүргізушілер осыған байланысты өз наразылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Жүзден астам көлік жүргізушілер Ақтауда теңіз жағажайында жиналып, шетелдік тіркеудегі көліктерге қатысты жаңа талаптарға наразылықтарын білдірді.

Қырғыз және армян нөмірі бар көліктермен жүрген жүргізушілердің жиыны бейсенбі, 16 қаңтар күні өтті, деп хабарлайды "Лада".

"Бәрін осылай бір уақытта істеуге болмайды. Алдымен уақытша тіркеу енгізу керек. Елде мұндай көлікті заңды түрде тіркеуге қыруар ақша кетеді. Мен өзімнің көлігімді 4 миллион теңгеге алдым. Ал егер заңға сәйкес тіркейтін болсам, тағы дәл осынша қаражат жұмсауға тура келеді. Бұдан да көп болуы мүмкін. Егер олар тіркелмеген әр көлікке айыппұл салатын болса, айып тұрағында көлік қоятын жер қалмайды", - дейді жергілікті тұрғын Ерлан Бәшінтаев.

Жүргізушілермен жергілікті полиция қызметінің басшысы Мадияр Омаров кездесті. 

"Мен сіздерді түсініп тұрмын. Барлық мәселе қарастырылады. Бастысы, сіздер бейбіт жиын өткізіп жатырсыздар. Ертең "Жолдағы қабылдау" акциясы ұйымдастырылады. Полиция мен мемлекеттік табыс департаментінің қызметкерлеріне барлық сауалды қоюға болады", - деді Омаров.

Мұндай жиын Жаңаөзенде де өтті. Оған 250 адам қатысты. 

Тағы оқыңыз: Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге шектеу қойыла ма – министрлік түсініктемесі

Еске сала кетсек, елде армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көлітерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Оған сәйкес, көлік иелері тіркеуден өтуі тиіс. Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда 10 жұмыс күні ішінде тіркеу керек. 

Елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мың көлік әкелінген. Тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша ішкі істер министрлігі астанада  8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 нөмірі арқылы "тікелей байланыс" ұйымдастырып отыр. Қоңырау 09:00-дан 19:00-ге дейін қабылданады.

Жаңалықтар
0