11:40 28 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD379.75
  • EUR415.18
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2848910

Бала күтуші сәбиді жарақаттады деген күдікке ілінді. Әйелдің әрекеті онлайн-камераға түсіп қалған. Әкімшілік іс қозғалды

АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Бір жарым жасар ұлына күтуші жалдаған Алматы қаласының тұрғыны Жомарт Исабаев көршісінің сөзінен кейін жасырын камера орнатып, пәтерінде не болып жатқанын білді.

Сәби Жомарттың үлкен ұлы мектептен оралғанға дейін, жарты күн бойы жылағанын отағасына көршісі айтқан.

Пәтерде не болып жатқанын білу үшін ер адам бөлмелердің біріне жасырын камера орнатып, онлайн режимде бақылап отырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"15 қаңтар күні сағат тоғызда анасы жұмысқа шығып кетті, ал 9:20-да ол (күтуші – Sputnik) баланы ұра бастады. Мен үйге келіп, не болғанын және баланы неге ұрып жатқанын сұрадым. Күтуші ештеңе демей кетіп қалды. Әйелім алғашқыда оны аяп, қазбалағысы келмеді. Алайда видеоны көргеннен кейін бірден полицияға хабарлау керектігін айтты. Учаскелік инспектор келіп, арызды қабылдады", - деді Жомарт Исабаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Бала күтуші қашып кеткеннен кейін біраз уақыт полиция қызметкерлерінен жасырынып жүрген, дегенмен Әуезов ауданының учаскелік инспекторы оны тауып, полиция бөліміне жеткізеді, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оған қатысты материал жиналған.

Алайда әкімшілік соттағылар полиция қызметкері күтушінің әрекетін қате бағалаған деп есептеп, құжаттарды қайтарып жіберіпті.

"Бала өте ауыр психологиялық жарақат алды. Ол әке-шешесінен басқа ешкімге жақындамайды. Сондықтан біз сараптамадан бас тарттық. Қалалық балалар ауруханасында баланың басында ісік және қанды ісік бар екені анықталды. Олар желке тұсындағы жұмсақ тіндерге жарақат келгенін айтты", - деп түсіндірді Жомарт.

Оның айтуынша, қазір жұбайы екеуі қатыгез күтушіні қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақсат етіп отырған жоқ. Олар үшін әйелдің бұдан былай осыған ұқсас жұмысқа тұра алмағаны, басқа балалардың зардап шекпегені маңызды.

Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы полиция департаментінен ресми түсініктеме беруін сұрады.  

Тақырып бойынша

Ақтөбелік 5 жасар қыздың тағдыры қазақстандықтардың назарын аударды
Алматы облысында бала күтуші 3 жасар бүлдіршінді ұрып-соққан
Бала күтуші екі жасар бүлдіршінді ұрып өлтірді – күдікті қамауға алынды
Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған
Ақтау балабақшасында күтуші қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды
Кілт сөздер:
видео, бейнекамера
Загрузка...

Басты тақырып