Өңірлер

Алматы облысында елді дүрліктірген гинеколог дәрігер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде видеожазбасы жарияланған дәрігер жалған ақпарат таратқаны үшін өкініп, кешірім сұрады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 31 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында полицейлер коронавирус туралы жалған қауесет таратқан Есік қаласы ауруханасының дәрігерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Whatsapp арқылы жеткен видеода ақ халат киген, өзін дәрігермін деп таныстырған ер адам Қазақстан мен Ресейде коронавирус таралып жатқанын айтып, Алматыдағы науқастардың нақты санын келтірген.

Полицейлер тез арада видео авторын анықтады, ол Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданы ауруханасының 40 жастағы гинеколог дәрігері екені анықталды. Дәрігер ұсталып, полицияға жеткізілді.

Жалаңаш жатқан: полиция желіде таралған екі ер адамның видеосы туралы айтты

"Тексеру жұмыстарының алғашқы сағаттарында видеодағы ер адамның кім екені анықталып, ұсталды. Ол жалған ақпарат таратқанын мойындады және бұл ісіне шын жүректен өкінетінін айтты. Аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр, соның нәтижесінде қылмыстық іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Қылмыстық кодекстің 274-бабының екінші бөлігіне сәйкес, БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқандарға үш мың АЕК-ке (7 953 000 теңге немесе 20 992 доллар) дейін айыппұл салынады немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеледі немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

 

Жаңалықтар
0