Өңірлер

Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуДети с воспитателем в детском саду, архивное фото
Дети с воспитателем в детском саду, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алты жасар қыздың терісін қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасалмақ. Анасы қалалық білім бөлімін сотқа берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Ақтауда бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкерлері баланың ата-анасынан кешірім сұрап, қылмыстық жазадан құтылды, деп хабарлады КТК арнасы.

Сотта күтуші Айжамал Бердиева мен тәрбиеші Антонина Волынкина болған жайтқа өкінетінін айтып, зардап шеккен алты жасар қыздың ата-анасынан кешірім сұрады. Тараптар ымыраға келмегенде, қос педагог екі жылға сотталатын еді. Себебі олардың үстінен 141-бап бойынша іс қозғалып, баланың өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты міндетін орындамады деген айып тағылған болатын.

Балабақша қызметкерлері кішкентай Каринаның еміне 600 мың теңге, ал өтемақы ретінде 800 мың теңге берген және сот шығынын толық өтеген.

Айта кетейік, осыдан 11 ай бұрын балабақшада ас бөлмеге жүгіріп кірген қыздың үстіне күтуші әйел абайсызда ыстық сорпа төгіп алған. Соның салдарынан Каринаның денесінің 30 процентін күйік шалды. Оны Нұр-Сұлтанда емдеуге тура келді.

Тағы оқыңыз: Ақтаудағы бала өлімінен кейін тексеріс басталды – видео

Алты жасар қыздың терісін қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасалмақ. Анасы қалалық білім бөлімін жұмысына салғырт қарағаны үшін сотқа берді. Өйткені кадр бөлімі құлағы естімейтін зейнет жастағы тәрбиешіні жұмысқа алған. Алайда судья арызды ішінара қанағаттандырып, білім бөліміне тек ескерту жасатты.

"Медиация тәртібімен сотталушының жәбірленушімен татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиян есесін толтыруына байланысты сотталушы қылмыстық жауаптан босату мен осы кодекстің 168-баптың 1-бөлігі негізінде тоқтатылсын. Волынкинаға және Бердиеваға қатысты бұлтартпау шарасы, ешқайда кетпеу туралы тиісті мінез-құлық туралы қолхат заңды күшіне енгеннен кейін бұзылсын", - деді судья Гүлмаржан Әділсұлтани.

Жаңалықтар
0