Өңірлер

Қарағанды облысындағы ауданда төтенше жағдай жарияланды

© Photo : ДЧС ТемиртауДесять машин столкнулись на трассе в Карагандинской области
Десять машин столкнулись на трассе в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірдегі метеорогиялық жағдай қиындай түскен. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан  — Sputnik. Қарағанды облысының бірнеше елдімекенінде төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұған климаттық жағдай себеп болған. Өңірде дауыл, боран соғып, толассыз қар жауып тұр, деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің басқару орталығына сілтеме жасап.

Осакаровск ауданы әкімінің шешіміне сәйкес, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл Осакаровка, Молодежный, Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионерский, Озерный, Николаевский, Тельманский, Кундуздинский елдімекендеріне қатысты.

Қарағанды облысында боран, тұман және көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Астанадағы төтенше жағдай

Елордада да төтенше жағдай режимі алынған жоқ. Ол осымен екі аптаға жалғасып отыр. Республикалық дағдарыс орталығында құрылған штаб жұмыс істеп жатыр. 

"Ауа температурасы жылынды. Сәйкесінше, енді боран мен дауыл болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауды. Салдарынан жолда көктайғақ", - деді төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төрағасы Владимир Беккер.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 2020 жылдың қаңтар айында астанада жауған қардың мөлшері соңғы 60 жылда болмаған. Соңғы рет мұндай жағдай 1964 жылы болыпты. 

Бұған дейін төтенше жағдай Шығыс Қазақстанның екі ауданында жарияланған болатын.

Жаңалықтар
0