08:27 31 Наурыз 2020
Тікелей эфир
  • USD448.01
  • EUR495.86
  • RUB5.64
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2712330

Ноғайбай би ескерткішінің жанына жиналған халық бұған дейін босатылған 44 адамды қудаламауды сұрады. Қазір олар полиция бөліміне шақыртылып жатыр 

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде Қордай халқының ескерткіштің жанында жиналып жатқан видеосы тарады. Аудан әкімдігі ол оқиғаның бүгін болғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, ол оқиға бүгін болды. Аудан орталығында мәдениет үйі бар. Ал орталық мешіттің алдында Ноғайбай бидің ескерткіші орналасқан. Халық соның қасында жиналып, бұған дейін босатылған 44 адамды қудаламауды өтінді. Қазір оларды біртіндеп полиция бөліміне шақыртып, жауап алып жатыр ғой. Тұрғындар оларды неге тағы шақыртып жатыр деп түсініспеушілік танытуда", - дейді әкімдік қызметкерлері Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлық сұраққа жауап берілді. Әкімдік қызметкерлері бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді. Содан аудан тұрғындары түсіністік танытып, жарты сағаттың ішінде тарады.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. 41 адам ауруханада жатыр. Оның тоғызы жансақтау бөлімінде. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицей жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.

8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.  

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты

Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы кісі өліміне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімі Асқар Мырзахметовті қызметінен алып, оның орнына Бердібек Сапарбаевты тағайындады. Өңір басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле де жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар президент ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.

Тақырып бойынша

Қордайдағы қақтығыс: 9 адам ауруханада ауыр халде жатыр
Ақсақалды кім ұрды - Қордай тұрғындары оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді
Жамбыл облысында бірнеше шенеунік пен полицей қызметінен босатылады
Қордайдағы оқиға: Тоқаев премьер мен бас прокурорды Ақордаға шақырды
Қордайдағы оқиға: ақсақалдың екі ұлын соққыға жыққандар ұсталды
Загрузка...

Басты тақырып