17:25 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2835 0 0

Үйінен кетіп қалған 44 жастағы  әйел табылды. Ол Нұр-Сұлтан қаласына келіп, жұмысқа орналасқан. Ақша жинап, туған-туысқандарына қайта оралмақшы болыпты

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Көкшетау полицейлері ақша табу үшін үйден кеткен әйелді тапты.

Осы жылдың қаңтар айының басында Көкшетау қаласы ІІБ кезекші бөліміне 44 жастағы әйелдің анасы хабарласқан. Ол қызы бірнеше күн бойы үйінен шығып кетіп, қайтып келмегенін айтқан, деп жазды Polisia.kz.

Кейін белгілі болғандай, бұрын қызы ішімдік ішкен, бұған дейін де бірнеше рет үйден кеткен. Алайда соңғы уақытта жағымсыз қылық танытпаған. Жұмыс іздеп жүріпті. Осы жолы үйінен шығып, бірнеше күн келмеуі анасын алаңдатыпты.

Оқи отырыңыз: Жоғалған оқушы қыздар Алматыдағы жалдамалы пәтерден табылды

Полиция қызметкерлері фото арқылы жақын аудандар мен облыстардың полиция бөлімшелеріне хабар таратты. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау полицейлері әйелді тапты. 44 жастағы жоғалған адам Нұр-Сұлтан қаласына келіп, жұмысқа орналасқан. Ақша жинап, туған-туысқандарына қайта оралмақшы болыпты. Анасы қатты алаңдап, полицейлерге хабар береді деп ойламаған.

Полиция қызметкерлері әйелден туыстарымен телефон арқылы сөйлесуін сұрады. Ол туған-туыстарына барлығы жақсы екендігін жеткізді.

Айта кету керек, кейде жоғалып кеткен адамдар полиция қызметкерлерінен өздерінің тұрған жерін құпияда сақтауды сұрайды. Бұл талап әбден заңды, өйткені жеке деректерді сақтау туралы құқық өз еркінде. Кез келген адамның туыстарымен, жақындарымен немесе таныстарымен сөйлеспеудің өзіндік себептері болуы мүмкін. Өзінің жеке өмірі туралы туыстарына хабарлау немесе хабарламау әрбір кәмелетке толған азаматтың өз еркінде.  

Тақырып бойынша

Алматы маңындағы тауларға сырғанауға кеткен адамдар үсіп өле жаздады
Сүйіктісі тастап кеткен соң жігіттің өмірі әп-сәтте өзгерді
Қазақстандық әйел жоғалып кеткен ұлын 25 жылдан соң тапты - видео
Жардан құлаған: Қазығұртта қартаң әйел жүре алмай отырған жерінен табылды
Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалған бала табылды
Загрузка...

Басты тақырып