19:02 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
187110

Қарастырылып отырған бапқа сәйкес, Бақауов бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша ақпарат жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

№1 департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, қазіргі кезде Бақауовтың ісімен арнайы тергеу тобы айналысып жатыр. Оған ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары кіреді. 

"Іс тергеліп жатыр. Қазіргі кезде қосымша фактілер мен күдіктілер анықталуда. Келесі аптада біз толық ақпарат береміз. Осы істің бүге-шүгесін дейін айтатын боламыз. Сонда халық арасында сұрақ туындамайды. Бүгінде барлық материал дайындалып жатыр", - деді Бигайдаров астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Экс-әкім не үшін ұсталды?

15 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын. Сотқа дейінге тергеу барысында оны қамауда ұстау туралы шешім қабылданды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеушісінің пікірін қолдаған айыптаушы Бақауовты екі айға қамауға алуды сұрады. Прокурордың пікірінше, шенеунік атқарған қызметіне байланысты куәгерлер мен қылмыстық процестің басқа қатысушыларына қысым жасай алады. Осылайша, ол істің дұрыс тексерілуіне кедергі жасап, тергеу мен соттан жасырынуы да мүмкін.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысының әкімдігі WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты

Болат Бақауов пен оның екі адвокаты бұл шешіммен келіспеді. Олар қамауға алмауды сұрап, бұрынғы әкімнің төрт баласы барын және денсаулығының нашарлауын алға тартты. Туыстарының кепіл ретінде миллион теңге бергені де айтылды.

Дегенмен судья Балтабай Дүмбекбаев облыстың экс-әкімін екі айға қамауға алу туралы қаулы қабылдады.

Бақауовқа қылмыстық кодекстің 362-бабының 2-бөлімі 3-тармағы (пайда көру мақсатында билік немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша айып тағылды. Бапқа сәйкес, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тақырып бойынша

ҰҚК әкім Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
Павлодар облысының әкімі Бақауовтың қайда екені белгілі болды - видео
"Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді
Болат Бақауов сотқа дейін қамауда болады
Павлодарлықтардың орташа жалақысы қанша – әкімнің жауабы
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, Болат Бақауов
Загрузка...

Басты тақырып