15:10 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
956 0 0

Тергеу барысында 13 және 11 жастағы ағайынды қыздардың осыдан бір жыл алдын көшіп кеткен ауылындағы достарына барғаны белгілі болды.

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жоғалған ағайынды 2 қызды көрші ауылдан тапты.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, жалғызбасты ана арызданады. Ол 13 және 11 жастағы қыздарының сағат күндізгі 12:30-дар шамасында сабаққа шығып кетіп, қайта оралмағынын айтқан. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тіркелді.

Полиция қызметкерлері тез арада іске кірісті. Көрген-білгендер куәгерлерден сұрастырды. Жақын аймақтарды мұқият қарап шықты, деп хабарлады Polisia.kz.

Жедел-іздестіру жұмыстарына мектеп мұғалімдері мен еріктілерде тартылды. Жан-жақты, күні-түні іздестіру жұмыстары нәтижесінде тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған қыздарды 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші ауылдың көшелерінің бірінде жүрген жерінен тауып, анасына аман-есен қайтарды.

Алматыда үш баланың денесі табылды – Сағынтаев көңіл айтты

Тергеу барысында 13 және 11 жастағы ағайынды қыздардың осыдан бір жыл алдын көшіп кеткен ауылындағы үйлеріне жаяу жетіп, сондағы достарына барғаны, анасының азық-түлік ала кел деп берген қаржысын жаратып, ойын қуып жүргендері белгілі болды.

Жалғызбасты ана полицейлерге шынайы ризашылығын білдірді.

"Сабақтан кейін келмегесін қыздарымды қатты уайымдап, полицейлерден көмек сұрадым. Ал полицейлер оларды дін-аман күйінде тауып, әкелді. Рахмет. Ең бастысы аманшылық болсын!", - деп ол алғысын айтты.

Тақырып бойынша

Көкшетауда жоғалып кеткен әйелдің қайда екені анықталды
Жоғалған оқушы қыздар Алматыдағы жалдамалы пәтерден табылды
Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған жүргізушінің денесі табылды
Алматы маңындағы тауларға сырғанауға кеткен адамдар үсіп өле жаздады
Қазақстандық әйел жоғалып кеткен ұлын 25 жылдан соң тапты - видео
Бір аптадан бері табылмай жатқан қыздың анасы не жағдай болғанын айтты
Загрузка...

Басты тақырып