04:11 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2251 0 0

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары шахтадағы жағдай туралы айтты. Ол "ақылды" техниканың арқасында жүздеген адамның өмірі сақталғанын жеткізді

ҚАРАҒАНДЫ, 16 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысында кенеттен метан бөлініп, өрт шыққан. Өңір жетекшісінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров адамдардың өмірін ненің арқасында сақтап қалу мүмкін болғанын айтты.

Қазір "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында жағдай тұрақты, өрт сөндірілді. Қызметкерлер жұмысқа кірісті, деп хабарлады облыстық әкімдікте.

Жақында ғана қызметіне кіріскен облыс әкімі орынбасарының айтуынша, адамдардың құтқарылуы кездейсоқ емес.

"Құтқарушылардың жұмысынан бөлек, цифрлық технологиялардың арқасында адам шығыны болған жоқ. Шахтада апаттық жағдайда қызметкерлердің қозғалысын қадағалайтын арнайы жүйе енгізілген", - деді Әбдіқадыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Шахтадағы өрт

Өрт Қарағанды облысы Шахтинск қаласының маңында орналасқан көмір шахтасында, 100 метр тереңдікте болды. Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар сыртқа эвакуацияланды.

Оқиға 15 ақпан күні сағат 21:30-да тіркелген. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған. Шахта "АрселорМитталТеміртау" АҚ-қа тиесілі.

Тақырып бойынша

"50 жасты қайтарсын": қарағандылық шахтер үкіметке өтініш айтты
Әкім түні бойы шахтада болған: 154 адам жер астынан шықты
Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді
Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеген ер адам қаза тапты
Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы вагон астына түсті
Загрузка...

Басты тақырып