21:53 31 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
70310

Полицей жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтату үшін көліктің капотына секірген. Қазір жүргізуші қамауға алынды

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында Екатеринбург – Алматы бағытындағы тасжолда жүргізуші куәлігінсіз болған көлік иесі полицейден жасырынуға тырысып, оны көлік капотында сүйреген.

Оқиға 14 ақпанда Жақсы ауданы Жақсы ауылында болған. Патрульдік полиция батальонының қызметкері жол ережесін бұзған Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісін Екатеринбург-Алматы тасжолының 917-ші шақырымында тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкері көлік жүргізушісінің жүргізуші куәлігі жоқ екенін біліп, оған әкімшілік кодексінің 612-бабы бойынша хаттама толтырған.

Осыдан кейін ер адам полицейден жасырынуға тырысқан. Алайда полицей көлік капотына секіріп, жүргізушіні тоқтатпақ болды. Жүргізуші заң талаптарына бағынбай, көлікті басқаруды жалғастырған.

Ауыл тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық қорғау органы қызметкерінің талаптарына бағынбау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 380-бабының ("билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану") 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы оқыңыз: Қызметінен босатылған полицей жамбылдықтарға үндеу жасады

Бұл әрекет 3 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға (шамамен сегіз миллион теңге) немесе дәл осындай мөлшердегі түзету жұмыстарына, 800 сағатқа дейін қоғамдық қызметке тартылуға немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір күдікті қамауда отыр.

Ақмола облысының полициясы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңды талаптарды орындамау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.

Айта кетейік, жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті басқарғаны үшін ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш (13 250 теңге) айыппұл салынады.

Тақырып бойынша

Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды
Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді
Газбен жүретін көліктерге қатысты тағы бір ереже белгілі болды
Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріледі
Кілт сөздер:
видео, полицей, жүргізуші
Загрузка...

Басты тақырып