13:06 03 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.60
  • EUR489.41
  • RUB5.71
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
155 0 0

Сағынтаев процентсіз кредит адамдарға газға қосылуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кредитті 1 жылға рәсімдеуге болады

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Алматы әкімдігі Халық банкпен бірлесіп, қала тұрғындарын газбен қамтамасыз ету мақсатында 0%-бен кредит беру мүмкіндігі туралы келісімге келді. Бұл жайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру жиынында айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сағынтаев процентсіз кредит адамдарға газға қосылуға қаражат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кредитті 1 жылға рәсімдеуге болады. Қазіргі уақытта кредит беру мерзімі қарастырылып жатыр.

"Қала бойынша жеке сектордағы 2 912 үй газдандырылмаған. Оның ішінде 1791 үй желіге қол жеткізе алса, 1121 үйдің қосылу мүмкіндігі жоқ. Жабдықтаушылармен бірге қалған 1121 үйге сыртқы желілерді жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Сағынтаев сауал қойған тұрғынның шағымын ескеріп, Наурызбай ауданының әкіміне ауданды, әсіресе "Шұғыла" ықшам ауданын аралап шығуды тапсырды.   

"Сол кезде түсіне жатар": Сағынтаев сиырға туған күн бұзауға да туатынын ескертті

Әкім Түрксіб ауданында өткен кездесуде тұрғындар газ құбырының жоқтығына шағымданғанын атап өтті.  

Қала әкімінің айтуынша, 2019 жылдың екінші жартыжылдығында үш мыңнан астам жеке үй газдандырылды.

"Алатау және Наурызбай ауданындағы 210 үйдің 62-сін газ жүйесіне қосу жұмысы қалды. Екі ауданда да мердігер компаниялармен келісімшарт жасалды. Жұмысты 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деді Сағынтаев.

Тақырып бойынша

Алматыда үш баланың денесі табылды – Сағынтаев көңіл айтты
Алматы әкімі қала тұрғындары жезөкшелерден әбден мезі болғанын айтты
Тоқаев Алматы атауын өзгертуді қолдап отыр
Алматы атауын өзгерту төңірегіндегі дауға қала әкімі араласты
Алматы әкімі: 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі
Кілт сөздер:
газдандыру, Сағынтаев
Загрузка...

Басты тақырып