11:39 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3896 0 0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы қақтығыстан кейін мектеп директорларын сынға алды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Мектеп директорлары өзін менеджер емес, сол мекеменің қожайыны сияқты сезінеді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласының қызметкерлерімен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Оқу орындарының кейбір басшылары "менің мектебім", "менің ұстаздарым", "менің шәкірттерім" деген сияқты тіркестерді қолданып, өздерін ұйымдастырушы емес, меншік иесі секілді сезінеді. Мектеп –мемлекеттікі, ал директор – ауысып отыратын басқарушы болуы тиіс", - деді Сапарбаев.

Әкім білім беру ұйымдарындағы жемқорлық мәселесіне де тоқталды.

"Директор жұмысқа орналастырғаны үшін мұғалімнен ақша алса, одан сапалы жұмысты қалай талап етеді? Ол мұғалім кейін өз ақшасын ата-аналар арқылы қайтара бастайды, сыбайлас жемқорлық тізбегі осылай жалғаса береді", - деді өңір басшысы.

Тағы оқыңыз: "Бұл жағдай сабақ болсын": Сапарбаев жаңа қызметтегі алғашқы тапсырмасын берді

Сапарбаев Масаншы ауылындағы мектептен он жыл бойы бірде-бір "Алтын белгі"  немесе Үздік аттестат иегері шықпағанын, тек бір ғана түлектің грантқа қол жеткізгенін мәлімдеді.

"Міне, Қордайдағы оқиғаның түпкі себебін осыдан іздеу керек. Бұл сапалы білім мен жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерден алшақтау, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетері сөзсіз", - деді ол.

Әкімнің айтуынша, тәрбие отбасы мен мектептен басталады, алайда соңғы уақытта осы әлеуметтік институттар арасындағы байланыс үзілген.

Сапарбаев мемлекет мұғалімдердің әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсарту үшін маңызды қадамдар жасап жатқанын, ал қоғам олардан сапалы білім беруді талап ететінін атап өтті.

Кездесу соңында әкім жауапты тұлғаларды БАҚ пен әлеуметтік желілердегі сыни ескертпелерге жедел әрі мұқият ден қоюға шақырды.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. Масанчи ауылында 11 ақпанда үйінді астынан күйіп кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ, 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік отқа оранып, күлге айналды.

Соңғы ақпарат бойынша полиция 90 қылмыстық іс қозғаған.

Тақырып бойынша

"Қордай" өткізу бекетінде шектеу енгізілді
Қордайдағы қақтығыс: қылмыстық істердің саны 90-ға жетті
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев маңызды тапсырма берді
Көрші елдер Қордайдағы қақтығысқа алаңдап отырған жоқ - министр
Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты басшыларды Ақордаға шақырды
Кілт сөздер:
мектеп директорлары, Жамбыл облысы, Бердібек Сапарбаев
Загрузка...

Басты тақырып