14:52 05 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.52
  • EUR493.52
  • RUB5.67
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
211 0 0

Сот ер адамды бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған бес айлық есептік көрсеткіш немесе 13 255 теңге айыппұл салды

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Ақтауда мессенджер арқылы қызға тіл тигізген тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлады Лада.

Сот анықтағандай, ер адам WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Ақтау әкімшілік соты оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бірінші бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танып, оған бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге немесе 35 доллар) көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды.  

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында Whatsapp арқылы елді дүрліктірген әйел ұсталды 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында Алматы тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Бұрын адам тонағаны үшін сотталған жиырма тоғыз жастағы жігіт әнші Дильназ Ахмадиеваның Instagram парақшасында ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған пікір қалдырған.

Әнші полицияға арыз жазып, нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сарапшылар ер адамның әртіске тіл тигізгенін анықтады. Ол кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады.

Тақырып бойынша

Екі жасар қыз Facebook арқылы анасын ажалдан арашалап қалды
Миллиондаған қолданушы WhatsApp-сыз қалады
WhatsApp-та "жаңажылдық" вирус тарап жатыр: ол несімен қауіпті?
"Павлодар облысының әкімі ұсталды": әкімдік WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты
Желіні шулатқан видеодан кейін магистранттар оқудан шығарылды
"Өзге ұлтта дұшпаным жоқ, қазақтардың ісі": танымал актер атышулы видео жайлы айтты
Кілт сөздер:
Ақтау, WhatsApp
Загрузка...

Басты тақырып